Жазғы шинамен жүрген көліктерге бүгіннен айыппұл салына бастады

1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында Қазақстанда көліктер қысқы режимге ауысқан дөңгелек шинасымен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай, деп хабарлайды Kazinform.

көлік
Фото: pixabay.com

Тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша жазғы шинамен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК, яғни 17 250 теңге.

Егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК - 34 500 теңгеге дейін артады.