Жазғы демалыс маусымында Астана-Адлер бағытында пойыз қатынайтын болады

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ жұртшылықтың жазғы демалыс кезіне орай Астана-Адлер бағыты бойынша № 483/484 жолаушылар пойызы қатынайтынын хабарлады.

Жазғы демалыс маусымында  Астана-Адлер бағытында пойыз қатынайтын болады
Ол 10 вагоннан тұрады, оның құрамына Қостанай-Адлер, Павлодар-Адлер және Қарағанды-Адлер бағытына тікелей қатынайтын вагондар кіреді. ҚазАқпаратқа компанияның баспасөз қызметі хабарлағанындай, пойыз 2009 жылғы маусымның 2-сінен қыркүйектің 12-сіне дейін, сейсенбі және сенбі күндері сапарға шығады. Пойыздың Астанадан аттану мезгілі ? 15 сағат 05 минөтте, оның Адлерге келу уақыты ? 17 сағат 29 минөтте. Жол жүру уақыты: Астанадан шыққанда ? 76 сағат жүреді де, Адлерден Астанаға дейін ? 81 сағат жүреді.