Жазғы универсиада: Жеті күнде Қазақстан қоржынына 13 медаль түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан Жазғы универсиадада қазақстандық спортшылар бір апта ішінде 13 медаль еншіледі (3 - алтын, 4 - күміс, 6 - қол).
None
None

Қазақстанға «алтынды» ауыр атлетшілер Альберт Линдер (69 келіге дейін), Айдар Қазов (77 келі) пен Денис Ұланов (85 келі) алып келді.

Күміс медальдарды жүзуден Дмитрий Баландин (кеудемен 200 метрге жүзу), таэквондодан Жансель Дениз (73 келі), ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай (94 келі) мен Карина Горичевалар (69 келі) еншіледі.

«Қола» дзюдошылар Рустам Ыбраевқа (60 келі), Бекадил Шәймерденов (73 келі) пен Отгонцецэг Галбадрахқа, сондай-ақ жүзуден Дмитрий Баландинге (кеудемен 100 метрге жүзу), Қазақстанның таэквондодан ерлер командасына және ауыр атлет Арли Чонтейге (56 келі) бұйырды.

Жалпы медальдар саны бойынша Қазақстан 14-інші орынға орналасып отыр. Үздік үштік - Оңтүстік Корея - 67 (26-17-24), Жапония - 64 (25-17-22), қытайлық Тайбэй - 53 (17-22-14).

Соңғы жаңалықтар