Жазғы универсиадада ел намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы Бүкіләлемдік жазғы универсиада ойындарында ел намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты жазды. Бәсі биік дода 19-30 тамыз аралығында Қытайдың Тайбэй қаласында өтеді.
Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы мынадай:
Ерлер:
1. Дмитрий Коблов - 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
2. Владислав Земс - 100 метрге жүгіру, 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
3. Андрей Соколов - 400 метрге жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
4. Михаил Литвин - 400 метрге жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
5. Георгий Шейко - спорттық жүріс
6. Роман Лошкарев - биіктікке секіру
7. Игорь Кондратьев - 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х400 метрге эстафеталық жүгіру
8. Никита Филиппов - сырықпен секіру
9. Сергей Григорьев - сырықпен секіру
10. Владислав Григорьев - 100 және 200 метрге жүгіру
11. Иван Иванов - ядро серпу
12. Михаил Красилов - жартылай марафон
13. Иманмәди Құсманов - 800 метрге жүгіру
Әйелдер:
1. Виктория Зябкина - 100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 метрге эстафеталық жүгіру
2. Ольга Сафронова -100 және 200 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру
3. Рима Кашафутдинова - 100 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру
4. Светлана Голендова - 100 метрге жүгіру, 4х100 эстафеталық жүгіру
5. Мария Овчинникова - үш қарғып және ұзындыққа секіру
6. Екатерина Эктова - үш қарғып және ұзындыққа секіру
7. Элина Михина - 400 метрге жүгіру
8. Әйгерім Шыназбекова - 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, 4х100 метрге эстафеталық жүгіру
9. Орынгүл Зкриенова - 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру
10. Варвара Назарова - найза лақтыру
11. Диана Нүсіпбекова - балға лақтыру
12. Полина Репина - спорттық жүріс
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы жазғы универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлеттер 4 алтын жеңіп алған болатын. Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруден, Никита Филиппов сырықпен секіруден және 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасы жеңіске жеткен еді.