Жазушы Джоан Роулинг сиқыршы бала Гарри Поттер туралы тағы бір кітап жазуы мүмкін

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Әлемге танымал британдық жазушы Джоан Роулинг сирықшы бала Гарри Поттер туралы тағы бір кітап жазуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы ол атақты американдық журналист Опра Уинфриге берген сұхбатында мәлім еткен,
None
None

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Опраның «Сіз жаңа роман жазасыз ба?» деген сауалына берген жауабында Роулинг: «Жазбаймын деп айта алмаймын. Маған кітап жазған ұнайды, мен өзінің көңіл-күйімнің саламаттығы үшін жазуым керек», деп жауап берген.

Джоан Роулинг сондай-ақ, сиқыршы бала туралы топтаманың соңғы кітабы - «Гарри Поттер және ажал тартуын» жазып бітірген кезде, өз кейіпкеріне бауыр басып қалғаны сонша, жылап жібергенін мойындады.

Бұған дейін жазушы, 2007 жылы сиқыршы бала туралы топтаманың жетінші, соңғы романын жариялағаннан кейін, Гарри Поттер туралы кітаптардың сериясын толық аяқтағанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар