Жазушы Георгий Вайнер дүниеден озды

НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат - Ресейлік атақты жазушы және сценарийші Георгий Вайнер ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін Нью-Йорк ауруханасында көз жұмды.

Жазушы Георгий  Вайнер    дүниеден озды
Жазушы 72 жаста болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Георгий Вайнер ? 150 кітап пен 22 фильмге жазылған сценарийдің авторы. Оның туындыларының қатарында атақты "Место встречи изменить нельзя" фильмінің сценарийі бар. Ол бауыры Аркадий Вайнер екеуі бірлесіп ондаған туындылар жазған. Кезінде инженер болып жұмыс істеген, ТАСС журналисі де болған. 1990 жылдан бері АҚШ-та тұрып келген жазушы онда да журналист болып жұмыс істеген, 1992-2001 жылдары "Новое русское слово" газетінің бас редакторы болған.