16:23, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Жазушы Медеу Сәрсекенің «Феномен» атты жаңа кітабы жарық көрді
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев / - Кеше Алматыдағы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің 75 жылдығы шеңберінде белгілі жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсекенің «Феномен» атты романының тұсаукесері өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Медеу Сәрсеке Қазақ тау-кен-металлургия институтын 1958 жылы бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Университет ұжымы ұлы ғалымның атына сай жемісті еңбек етіп, өркендеп келеді. Ал Медеу Сәрсеке болса 50 жыл ғұмырын Сәтбаев өмірін зерттеуге арнап келе жатқан, ол кісі туралы 10-нан астам кітап жазған жазушы. Бұдан бұрын "Дара дарын" деген атпен шыққан кітабы қайта толықтырылып, "Феномен" деген атаумен орысша жарық көрді. Оған демеушілік жасаған аталмыш университеттің түлегі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Серікбек Дәукеев.