Жазушы Р. Отарбаевтың «Көмілген қазына алтыны» атты кітабы Мәскеуде орыс тілінде жарық көрді

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат  - Таяуда белгілі жазушы әрі драматург Рақымжан Отарбаевтың «Көмілген қазына алтыны» атты кітабы «Злато зарытого клада» деген атпен Мәскеудегі «Художественная литература»  баспасынан 5 мың дана таралыммен жарыққа шықты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жинаққа жазушының таңдаулы әңгімелері мен хикаят-повестері енген. «Художественная литература» баспасының директоры, орыстың белгілі жазушысы Георгий Пряхиннің айтуынша, қазақ қаламгерінің жаңа кітабы Мәскеу оқырмандары тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отыр. 

Жуырда «Литературная газета» басшылығының шақыртуымен редакцияда болып, газеттің шығармашылық ұжымымен кездесіп қайтқан Р. Отарбаев: «Жасырмаймын, кезінде Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан шығудың өзі маған арман еді. Өйткені мұнда тек қана классиктер еңбегі  шығатын. Енді одан үлкен бір томдық кітабымның шығуы мен үшін, әрине, қуанышты жағдай», дейді.

Ал «Литературная газетаның» Бас редакторының бірінші орынбасары Леонид Колпаков қазақ қаламгерінің  бұл кітабы ресей оқырмандары үшін жақсы сыйлық болғанын атап көрсеткен.  

Айта кету керек, 1830 жылы Александр Пушкин негізін қалап кеткен бұл газет бүгінде әлемнің көптеген елдеріне тарайды.

Соңғы жаңалықтар