Жазушы және аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев дүниеден өтті

АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 85 жасқа қараған шағында қазақтың белгілі жазушысы және аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев дүниеден өтті.
None
None

Әбілмәжін Жұмабаев 1929 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған. 1950 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін тамамдаған. Осы кезден бастап он жыл бойы «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1960-1963 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, 1964- 1971 жж. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1970-1984 жж. «Жазушы» баспасының директоры, республикалық Кітап палатасының директоры болып істеді. Л.Толстой, И.Тургенев, Дж.Лондон, М.Горькийдің әңгіме, повестерін аударған. К.Паустовскийдің «Телегей тасқын» (1966), «Түнделеткен күйме» (1984), А.Гриннің «Алқызыл желкендер» (1976), М.Ридтің «Жұмбақ салтатты» (1972), А.Дюманың «Үш ноян» (1979), Ж.Сименонның «Мегрэ және ұрылар» (1974), т.б шығармаларын қазақ тіліне аударған.

«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының бірнеше мәрте иегері.

Соңғы жаңалықтар