Жазықсыз жанды өлтіріп, оның мәйітін дәретханаға апарып тастаған қанішерлер жеті жарым жылдан арқалады

ОРАЛ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 103-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылған екі азаматты жеті жарым жылға бас бостандықтарынан айырып, жазасын түзету колониясының жалпы режімінде өтеуге үкім шығарды
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға былай өрбіген. Түн ортасында жазғы кафеден араққа сылқия тойып шыққан Н. мен А. сол жерде тұрған үш адамға байланып, төбелесе кеткен. Екеуі қашып үлгіріп, қалған біреуін әбден тепкіге жыққан. Қастарынан көлігімен өтіп бара жатқан бір ауылдасын тоқтатып, соққыдан аяғымен жер тіреуге шамасы келмей тұрған оны үйіне жеткізіп салуын сұрап, көлікке отырғызған. Көлікке кіргеннен соң олар өздерін жаңа салынған монша ғимаратына апаруын талап етеді. Сол жерде әлгіні шығарып алып, тағы да соғады. Әбден сілесі қатқан оны енді көліктің жүксалғышына салып, Н-ның үйіне әкеледі. Екеулеп жүксалғыштан шығарып, моншаға кіргізіп, бетінің қанын жуып, сол жерге жатқызып, үстін алашалармен жауып, А. үйіне кетіп, ал Н. өз үйіне кіріп жатып қалады. Ертесіне тұрып қарағанда, оның өліп қалған денесін көріп, Н. қылмыстан басын алып қашу мақсатында оны теміржол вокзалының дәретханасына апарып тастап, өзі ізін суытқан.

Басты сот талқылауында сотталушылардың айыбы олардың өзінің кінәсін толық мойындауымен қатар, жәбірленуші өкілінің, куәлардың жауаптарымен, зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен толықтай анықталды.

 Сонымен қатар сотталушылардан бірлескен тәртіппен моральдық және материалдық шығын есебінде жеті жүз мың теңге өндірілді.

Соңғы жаңалықтар