Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде жарыстың 2-ракеткасын жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, чехиялықтар Джесика Малечкова – Мириам Скохпен бетпе-бет келді.
Қазақстандық-латвиялық жұп 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 33 минутқа созылған бәсекеде Құламбаева - Семенистая 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Чехиялық дуэт 1 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Ж.Құламбаева – Д.Семенистая финалға шығу үшін словениялықтар Далила Якупович – Ника Радишичпен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Аустриядағы жарыстың жартылай финалына өткенін жазған едік.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.