Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жібек Құламбаева Румыниядағы турнирде титулға бір қадам жетпей тоқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Яссы (Румыния) WTA 250 турнирінің финалында өнер көрсетті.

в
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші армениялық Алина Чараевамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, ресейлік Ирина Хромачева – чехиялық Анна Детюкпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-армениялық жұп матчты сәтті бастады – 6:4.

Екінші сетте Хромачева – Детюк есе қайырды – 6:2.

Супер тай-брейкте ресейлік-чехиялық дуэт күш алып кетті – 10:5.

Сағат жарымға созылған бәсекеде Құламбаева – Чараева эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Жібек Құламбаева спорттық жолында алғаш рет WTA турнирінің финалына дейін жетті.

Қазіргі кезде қазақстандық теннисші жұптық сында WTA Live рейтингісінде 136-орынға көтеріліп тұр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Румыниядағы Яссы турнирінде жарыстың 1-ракеткасын жеңген Жібек Құламбаеваның финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Шевченко Швейцариядағы турнирде Бубликтің кеткен есесін қайтарды

Қазақстандық теннисшілер екінші рет қатарынан Астана турнирінің финалына дейін жетті.