«Жібек Жолы» өткізу пункті жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан тарапымен «Гишт-Куприк» өткізу пунктінің құрылысын аяқтау үшін 4 айға жабылуына байланысты, 5 ақпаннан бастап Қазақстан тарапындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті де жабылады.

шекара
Фото: pxhere

Осыған байланысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шекараны жаяу және көлікпен өтетін жеке тұлғаларға жол жүру бағыттарын алдын ала қарастыру қажет екенін хабарлайды.

Бұл ретте, жаяу жүргіншілер өткелі «Қапланбек», «Б.Қонысбаев» өткізу пункттері мен «Сырдария» және «Целинный» бақылау-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз, - делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жүк автокөлік құралдарын өткізу әдеттегідей «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Қазығұрт» және «Тәжен» өткізу пункттері арқылы, ал темір жол көлігімен өткізу «Сарыағаш» және «Бейнеу» темір жол өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар