«Жібек жолы» турнирі: Қазақстандық боксшылар бес жолдамаға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде екінші жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды.

«Жібек жолы» турнирі: Бүгін ел құрамасынан кімдер сынға түседі
Фото: ҚБФ

Ел құрамасынан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) әзербайжандық Гунел Рахимованы 4:1, Томирис Мырзақұл (52 келі) реесйлік Анастасия Маркованы 5:0 есебімен тізе бүктірсе, Анжа Сәдуақасова (52 келі) әзербайжандық Зиола Юсифова 0:5 есебімен есе жіберді.

Ал ерлер құрамасынан 48 келіде Нұрғиса Тұрабеков Павел Васильевті 4:1 есебімен жеңсе, аталған салмақта Ернар Қарап өзбекстандық Бахруз Холдоровтан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

54 келіде Бексұлтан Боранбек ресейлік Максим Кузнецовтан 1:4 есебімен ұтылса, Жандәулет Сәрсенбаев өзбекстандық Канан Алиевтан, Бағлан Кенжебек грузиялық Ладо Карчавадан 5:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, 11 сәуірде ел құрамасынан екі боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Бұл күні 75 келіде Санжарәлі Бегалиев әзербайжандық Фархад Шейдаевті 5:0, Мақсат Өтегенов сол елдің тағы бір өкілі Расим Чобанлиді 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар