«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM- Телеарна әсем әндер мен қызықты сұхбаттарды көрермен назарына ұсынды.

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Бүгін Түркістан қаласында күн райы +19 көрсетіп тұр. Халықтың да көңіл күйі көтеріңкі. Ұлттық киіммен көше аралап, мерекелік серуен құрып жүр. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілер көп. Баба рухына тағзым етіп, сондағы ұйымдастырылған шараларды тамашалауда.

Jibek Joly телеарнасы кесене маңындағы алаңнан тікелей эфирге шығып, «Жібек жолындағы Наурыз-думан!» мерекелік іс шарасын көрермен назарына ұсынды. 

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Жүргізушілер Жандәурен Мәди мен Наргиз Ибрагим Наурыз нақыштарынан кең көлемде мәлімет берді. 

Ал, журналист Алтынбек Әмит Түркістандағы әз-Наурыз іс шарасынан ақпарат ұсынды. Мерекеге орай арнайы дайындалған 2,5 тонна наурыз көженің ерекшеліктерін жеткізді. Халыққа көже 150 теңгеден сатылды. Жиналған барлық қаражат балалар үйіне қайырымдылық ретінде беріледі.

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстармен таныстырып, мерекелік лебізін жеткізді. 

Бүгінде шаһарда халықаралық талапқа сай ескек есу каналы мен «Қолөнершілер қалашығының» құрылысы жүргізіліп, заман талабына сай ипподром салынып жатыр. Қаланы туристік орталыққа айналдыру бағытында жұмыстар да жанданып келеді. Шаһардағы индустриалды аймақта ашылған зауыттарда жұмыстар қарқыны артқан.

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Көшпелі студияға келген Түркістан облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамилия Мустафаева наурыз мерекесін атап өтудегі ерекшеліктер жайында айтты. 

Ал, әулетінде 8 этнос өкілі тұрып жатқан Қазбек Махмудов ел бірлігі ең басты құндылық екендігін жеткізді.

— Әкем - әзербайжан, анам - қазақ. Ал, әйелім - өзбектің қызы. Әулетімізде түрік, грузин, шешен де бар. Баршамыз бір отбасында тату тәтті ғұмыр кешіп келеміз, - деді Қазбек Махмудов.

Мерекелік іс-шарада журналист Ақдариға Мұхаддас Астанадағы Наурыз мерекесінен хабар таратты. Этноауылдағы көрмеге Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия, Иран, Тәжікстан елдерінен келген шеберлер тікелей эфир арқылы көпшілікті мерекемен құттықтады. 

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Тікелей эфирге Алматыдан қосылған Гүлзат Сақ роботтарға дейін шапан киіп Наурыз мерекесін тойлап жүргенін айтты.

Ал, маңғыстаулықтар ұлттық киім киюден әлемдік рекорд орнатып, Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы тілші Айман Нұрмағанбет көпшілікке ақжолтай хабарды жеткізді.

Бүгін Ақтаудағы Каспий теңізінің жағасында «Best fest Nauryz» фестивалі өтіп жатыр. Онда ұлттық киім киіп шыққан 5000-нан астам адам әлемге қазақтың ұлттық киімін таныстырды. Іс-шараға Лондон қаласындағы Гиннес рекордтар кітабының штаб-квартирасынан өкілдер арнайы келіп қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушысы Әсемгүл Адамбай идеяның саяхаттаудан кейін туғанын жеткізді.  Бұл шараға еріктілер көп үлес қосқан.

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Тікелей эфирде Түркістандағы Конгресс-Хол көпсалалы кешенінде өтіп жатқан дүбірлі айтыс көпшілік назарына ұсынылды. Этноауылдағы Наурыз мерекесінен хабар таратылды. 
Шығыс Қазақстан, Орал, Қостанай, Шымкенттегі тілшілер тіклей байланысқа қосылып мерекелік атмосфераны жеткізді.

«Жібек жолындағы Наурыз-думан!» Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Мерекелік шара барысында эстрада жұлдыздары Қанат және Света Айтбаевтар, Назар тобы, Саят Медеуов әсем әндерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Наурыз мейрамы
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді

Көшпелі студияға еңбек адамдары да шақырылды. Түркістан облысына танымал «Кеңесбай ата» Шаруа қожалығының төрағасы Кеңесбай Төлеген қатысты. Бірнеше жылдан бері жылқы және мал шаруашылығымен айналысатын әулет бүгінде 6 адамды жұмыспен қамтып келеді. Әкеден балаға мұра болып келе жатқан кәсіп жыл сайын кеңейіп келеді.

Наурызға арналған концерт
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді

Ал, алда самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионы Нұрила Асанқызы мен қазақ күресінен Әлем чемпионы Айжан Жылқыбаева спорттағы қызықты сәттерді баяндайтын болады. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы сұхбат беріп, алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыс барысымен таныстырады деп күтілуде. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже пісірілгенін жазған болатынбыз.

Наурыз концерт
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді
Наурыз
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді
Наурыз
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді
Наурыз
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді
Наурыз
Фото: Jibek Joly телеарнасы видеосынан үзінді

 

Соңғы жаңалықтар