ЖБҚИ бойынша елімізде балалар өлімі көрсеткіші төмендеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБҚИ) рейтингінде халықтың болжалды өмір сүру ұзақтығы бойынша Қазақстан ұстанымы 4 орынға жақсарып, 103-орыннан 99-ға көтерілді. 2013 жылдың қорытындысында қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 2012 жылмен салыстырғанда 0,84 жылға артып, 70,45 жасты құрады деп хабарлайды ҚР ДСӘД министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Аталған көрсеткішке әсер ететін негізгі факторлар: балалар өлім-жітімі, қан айналымы жүйесі, онкологиялық аурулардан және жарақаттанушылықтан болатын өлім-жітім көрсеткіштері.

Ерте неонатальдық және нәрестелер өлім-жітімін азайту мақсатында ана мен бала денсаулығын қорғау саласында халықаралық стандарттар енгізу, перзентханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда педиатрия және акушерлік бойынша 263 клиникалық хаттама әзірленіп, 62-сі жетілдірілуде. Жергілікті жерлерде, бірінші кезекте ауылдарда емдеу мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі есебінде нәрестелер өлімі коэффициенті қосылғыштардың бірі болып табылады және түрлі елдердегі тұрғындардың өмір сапасын көрсетеді.

Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) мониторингі мемлекеттердің Мыңжылдықтың даму мақсаттарына (МДМ) жеткен жетістіктерін және ЖБҚИ ұлттық статистика негізінде емес, БҰҰ Ведомствоаралық тобының ресми мәліметтері негізінде іске асыратынын айту керек.

Осыған орай МДМ бойынша халықаралық міндеттемелерге жеткен жетістіктерді мониторингілеу жұмысы аясында және 2012 жылдың қорытындысында ЖБҚИ бойында еліміздегі нәрестелер өлімі көрсеткіші ұлттық статистикадан 2 есе артық көрсеткендіктен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің шақыруымен 2013 жылы елімізге БҰҰ Ведомствоаралық тобын келіп, балалар өлімі жағдайына бағалау жасады. Қорытындысында Қазақстанның балалар өлімі көрсеткіштерін төмендету бағытында атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға беріп, балалар өлімі жағдайлары дұрыс және шынайы түрде тіркелетінін растады.

Нәтижесінде халықаралық сарапшылар еліміздегі балалар өліміне қатысты есебін қайта қарап, балалар өлімі көрсеткіші 28-ден 18,7-ге дейін, нәрестелер өлімі көрсеткіші 25-тен 16,7-ге дейін төмендетілді. Әлемнің барлық елдерінде халықаралық көрсеткіштер мен ұлттық статистика арасында біршама айырмашалық болады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2014-2015 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстанда балалар өлімі көрсеткіші 17 позицияға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар