Жедел - іздестіру қызметіне байланысты заң жобасы қабылданды

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады,

Жедел - іздестіру қызметіне байланысты заң жобасы қабылданды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Заң жобасы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың іздеу салынған азаматтарды іздеу, заңда көрсетілген категориялар бойынша жасалған қылмыстық істерді іздестіру және оның жолын кесу барысында арнайы операциялар жүргізу мәселесі бойынша құзырын кеңейтуді көздейді. Сонымен қатар құжат тергеу шараларының толық әрі жан-жақты қарастырылған болуы үшін алдын ала тергеу шараларын жүргізу шегінде прокурорлардың құзырын кеңейтуді қарастырады. Құжат күшіне енсе, еліміздің Қылмыстық және Қылмыстық процессуалдық кодекстері мен «Жедел -іздестіру қызметі туралы» заңдарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.