Жедел-іздестіру шараларының барысында Алматыда 10-нан астам пәтер тонаған ұрылар қолға түсті

АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарашаның 11-і күні белгісіз біреулер Қарағанды облысының Қазыбек би ауданындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірінің ғимаратына кіріп, ондағы екі сейфтен түрлі бағалы заттарды жымқырып кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының барысында Алматыда 10-нан астам пәтер тонаған ұрылар қолға түсті

Ал ұрылардың бірін тоқтатпақ болған мекеменің 20 жасар күзетшісі дене жарақатын алды. Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент бастығының сөзіне қарағанда, тәртіп сақшылары осы оқиғадан соң қаланың 25 жасар тұрғынын ұстап, ол осы іс бойынша тиісті мәліметтер берді. Сондай-ақ Семей қаласындағы қарақшылық шабуылға қатысты деген айыппен осы қаланың бірнеше рет сотталған тұрғыны ұсталып, одан автоматтың бөлшектері мен өзге де заттай айғақтар табылды. «Қазіргі таңда осы іске қатысты өзге азаматтар іздестірілуде және ұсталғандардың республика аймағындағы өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ал Алматылық полицейлер арнайы жедел-іздестіру шараларының барысында Грузияның Кутаиси қаласының 35 жасар тұрғыны мен Павлодар қаласының 30 жасар тұрғынын ұстады. Олар Алматы қаласында жалға алынған пәтерде уақытша тұрып жатқан. Грузиялық азамат пәтер тонағаны үшін бұрын 2 рет сотталып, еліміздің бас бостандығынан айыру орындарында 9 жыл отырған. Екі ұры «кәсіптерін» негізінен қаланың бірыңғай тұрғын үйлері орналасқан аудандарында тек күндізгі мезгілде жүзеге асырып жүрген. Тексеру барысында сыбайласқан екеудің 10-нан астам пәтер тонағандығы анықталды. Ұрланған заттарды олар қаланың базарларында сатып жүрген. Ұрылар қамауға алынды», деді Қ.Жұманов.