Жедел медициналық көмек азаматтар үшін әрқашан да тегін болады - К.Мәсімов

ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жедел медициналық көмек азаматтар үшін әрқашан да тегін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық форматтағы отырысында Премьер-Министр К.Мәсімовтің сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
None
None

Үкімет басшысының атап өтуінше, соңғы уақытта біреулер қоғамда жедел медициналық көмек шақыру ақылы болмақ деген мәселені көтеріп, дүрбелең туғызуда. Осы орайда К.Мәсімов аталған жайттың басын ашып, бұл қызметтің ақылы не ақысыз болатынын айтуды өтінді.

«Кәрім Қажымқанұлы, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында төлем жасау тетіктерін енгізу мәселесін қарастыру жайында сөз болған еді. Талқылау барысында үкіметтік емес ұйымдар осы мәселені көтерді. Бізде уақыт бар. Мәселе тек талқыланып жатыр. Бұл орайда жедел медициналық көмек, шұғыл көмек тіпті талқылауға да жатпайды, ол бұрынғыдай тегін бола береді», - деді министр.

Өз кезегінде Үкімет басшысы: «Демек жедел көмек азаматтар үшін әрқашан да тегін болады. Мәселе тіпті талқылауға да жатпайды» деп атап өте келе, Денсаулық сақтау министріне аталған мәселені қоғамға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар