Жедел респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау маусымы ерте басталып, 2 есеге өсіп отыр

АЛМАТЫ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Тұмаудың шарықтау шыңы күзгі-қысқы кезеңге келетіндіктен, қазан айының 1-інен  оның  тіркелуі  басталып, жедел респираторлық-вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) шалдығушылардың маниторингі апта сайын жүргізіліп, бақылауға алынады.
None
None

Бұл туралы бүгін «Тұмау пандемиясының қарсаңында және оны болдырмау шаралары» атты баспасөз конференциясында Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансысының директоры Бауыржан Байсеркин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазір әлемде A/H1N1 тұмауы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты,   елімізде инфекцияның алдын алу шаралары қолға алынуда. Бұл инфекция түрін күнделікті бақылауға алдық.  A/H1N1 тұмауына дайындығымыз жоғары деңгейде деп айтуға болады. Жедел респираторлық-вирустық  инфекциялық аурулардың алдын-алудың тиімді жолдарының бірі вакцина болғандықтан, қазіргі кезде вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұған әр түрлі қаржы көздерінен барлығы 837 миллион теңгеге жуық қаржы, оның ішінде 300 миллион теңге мемлекет бюджетінің есебінен бөлінді. Қазіргі кезде жұқпалы дерт, әсіресе балалар үшін өте қауіпті болғандықтан 300 мың  мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар вакцинацияланды», деді Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансының директоры Бауыржан Байсеркин.

Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансының, жұқпалы аурулар эпидемиологиясы бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, биыл  тұмау маусымы ерте басталған, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 2 есеге өсіп отыр.

Соңғы жаңалықтар