Жедел сауықтыру шарасы барысында кәмелетке толмаған бала еңбегін пайдаланудың 33 фактісі анықталды

АЛМАТЫ. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Үш күннің ішінде республикалық "Жұмыспен қамту" жедел сауықтыру шарасы барысында кәмелет жасқа толмаған бала еңбегін пайдаланудың 33 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел сауықтыру шарасы барысында кәмелетке толмаған бала еңбегін пайдаланудың 33 фактісі анықталды

"Анықталған балалардың жетеуі ойын-сауық орындарында жұмыс істеді, ал тағы жетеуі қоғамдық көліктерде кондуктор болып жұмыс істеп, ақша тауып жүрген. 19 бала ауыр еңбек жағдайында жұмыс жасаған. Балалардың ешбірі жұмыс берушімен ешқандай еңбек келісімге отырмаған. Жақында анықталған 16 жастағы бала көлік жуу орында бір ай бойы жұмыс істеген. Жұмысқа алу барысында әкімші анасының "баласына жұмыс істеуге рұқсат беремін" деген қол хатымен шектелген. Біздің заң балалар еңбегіне жауапкершілікпен қарау керек делінсе де осындай жағдайлар анықталуда", деді қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, шара барысында полиция қызметкерлері бұл қателіктердің қайталанбауы үшін, жұмыс берушілер мен ата-аналарға еңбек заңнама нормаларын түсіндіруге тырысатын болады.