Жедел сауықтыру шарасы кезінде ұрланған 41 көлік иесіне қайтарылды
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің бірнеше аймағында жүргізілген «Көлік ұрлығы» сауықтыру шарасының барысында тәртіп сақшылары көлікті ұрлау, оған қарақшылық шабуыл жасау және тонаумен байланысты 22 қылмыстың бетін ашты.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, көлік ұрлығымен және онымен байланысты қылмыстарды анықтау, жағдайды сауықтыру мақсатында жүргізілген жедел сауықтыру шарасы ақпанның 23-і мен 27-сі аралығында Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында жүргізілген. «Нәтижесінде қолды болған 41 көлік иелеріне қайтарылып, 38 күдікті қолға түскен. Алматылық полицейлер алаяқтық жолмен біреудің көлігін ұрлаумен айналысып жүрген қылмыстық топты құрықтады», деді департамент бастығы.
Оның сөзіне қарағанда, алаяқтар көлік жүргізушісін жалға алып, оған өздерінің жымысқы әрекеттері жөнінде оған еш білдірместен көлікті жүргізушінің атын тіркеп, содан соң оны сатып жіберіп отырған. Өткен айдың басында қылмыстық топ өкілдері тап осындай жолмен «Ниссан Кашкай» автокөлігін сату үшін Шымкент қаласына бара жатқан кезінде «Қордай» бекетінен ұсталды. «Қазіргі таңда оларға тап осындай алаяқтық жолмен «Мерседес-бенц» көлігін ұрлап сатты деген айып тағылып отыр.