Жедел штаб Астана іргесіндегі ауыл шекарасын нығайту туралы шешім қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық жедел штаб 6 және 7 шағын аудандарда су басу қаупі туындауы мүмкін екенін ескеріп, Ақмола облысының Жібек Жолы кентінің шекарасын нығайту туралы шешім қабылдады.

Астана
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі қазір бұл жерге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары, ҚР ТЖМ 52859 ә/б және ҚР ҰҰ 6636 ә/б жеке құрамы, әкімдік өкілдері мен еріктілер жіберілгенін мәлімдеді.