Жедел жәрдем келгенше бала шетінеп кеткен
АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - Шақырылған жедел жәрдем бригадасы баланың шетінеу фактісін белгіледі,
деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, қазанның 18-інде жедел жәрдем бригадасының Юлия Евгеньевна Акимушкинаға (01.07.1997 ж.т.) шақырылғанын хабарлады. Сырқат балаға көмекке жеткен жәдел жәрдем бригадасы баланың өлімінің үстінен түскен.
Юлия тыныс жолының өткір вирустық ауруы диагнозы бойынша «Демеу» емханасында амбулаториялық емде болған. Бір күн бұрын мектепке анықтама қағаз берілген. Баланың үйде қайтыс болғаны ескеріліп, оның денесі сот-медициналық сараптамасына алып кетілді. Сот-медициналық сараптамасы өкпенің қабынуы деген алдын-ала түйіндеме беріп отыр.
Гистологиялық зерттеу аяқталғаннан және сот-медициналық сараптамасының нақты қорытындысы жасалғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.
Астана қаласында 70039 оқушы болса, соңғы аптада 1348 оқушы тыныс жолының өткір вирусымен ауырды. Тұмаумен ауыру фактісі әзірге тіркелген жоқ. Тыныс жолының өткір вирусымен ауыру шамадан асқан жоқ, сондықтан да карантин жарияланбай отыр, деп хабарлады министрліктен.