Жедел жәрдем көлігі бегемотқа соқтығысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының солтүстік-шығысындағы Гаутенг провинциясында жедел жәрдем көлігі бегемотқа соқтығысып қалды, деп хабарлады Daily Mail.
Түрлі деңгейде жарақат алған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауруханада ауыр халде жатыр.
Соқтығысу салдарынан бегемот та аман қалмады.