Жедел жәрдем қызметіне 30 көлік тапсырылды -ОҚО

 АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да Жедел жәрдем қызметіне 30 көлік тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Жедел жәрдем қызметіне 30 көлік тапсырылды -ОҚО

Елбасының «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары мен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен бөлінген 418 млн теңгеге алынған жаңа техникалардың кілтін  Жансейіт Түймебаев табыстады.  Облыс бойынша  16 емханаға қарасты аудандық, қалалық жедел жәрдем бөлімдері жұмыс жасайды. Шұғыл шақыртылым бойынша қызмет көрсететін 261 көлік бар. Оның 144 данасы аудандық, қалалық бөлімшелерге тиесілі.  Өкінішке орай, бұл автоколіктердің 20 пайызы жарамсыз болатын. Осы кемшіліктің орнын толтыру мақсатында облыс бюджетінен 418 млн теңге бөлініп, аудан, қала жедел жәрдем бөлімдері 30 су жаңа автөкөлікпен толықты. Автокөлік кілттерін өз қолымен табыстаған өңір басшысы медицина саласы  қызметкерлерінің жұмысына табыс тіледі.

Айта кеткен жөн, 2017 жылға облыстық бюджет есебінен 535,0 млн. теңгеге тағы 22 дана автокөлік сатып алу жоспарлануда.

Әлия Бостан