Жээнбеков парламент пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков парламент пен премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Қырғызстан президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімі.
Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойған Жарлыққа сәйкес, Қырғызстан Конституциясының 65-бабы, 87 бабының 1,2,3 бөлімі, 13-бабының 1 бөлімі, 4 тармақшасы, 23-бабының 3бөлімі, 1 тармақшасы және 23-бабының 4 бөліміне сәйкес Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға жіберілді», - делінген хабарламада.
Қырғызстан үкіметі де отставкаға кетті деп саналады.
Жарлыққа сәйкес, елде премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері қызметін атқарған тұлғалар Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы қалыптастырылған уақытқа дейін бұрын атқарған қызметтеріне сәйкес міндеттерін атқарады.
Жарлық қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.