Жеке адамдарға автокөлікті лизингке алуға мүмкіндік беретін құжат пысықталып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық экономика министрлігі жеке адамдардың автокөлік пен баспананы лизингке алуына мүмкіндік беретін құжатқа қатысты түсінік берді.

Автомобиль
Фото: freepik.com

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылық жасады. Ұсынылған түзетулер халықтың шамадан тыс несие алу деңгейін төмендету және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, сондай-ақ банк секторының және жеке лизингтік компаниялар нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған», - делінген Ұлттық экономика министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Қазіргі кезде заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдарда пысықталып жатыр.

Айта кетейік, қолданыстағы ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 4-бабына сәйкес үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да заттар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін лизинг нысанасы бола алады.

Соңғы жаңалықтар