Жеке инвестицияның 5 пайызы мемлекетпен әріптестік негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бағытталуда
АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ инвестициялық тартымдылықты көтеруге коммуналдық желілерді басқаруда тәжірибесі бар шетелдік компанияларды шақыруда.
Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғына инновациялар мен энергоресурс сақтау технологияларынын енгізу» деп аталатын конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұндай конференцияны біз бұған дейін Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өткізген едік. Кеше Талдықорғанда болдық, бүгін енді Алматыда өтіп жатыр. Біздің орталық 2009 жылдың желтоқсанында құрылды. Қызметіміздің негізгі бағыты тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Зерттеулер жүргізіп, инновациялық технолгияларды енгізу және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңарту мен дамытудың оңтайлы моделін анықтау. Олар үкіметтің арнайы қаулысымен белгіленді», дейді «Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Зиннулла Қазиев. Оның айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында АҚШ, Израиль және Малайзия елдерінің 3 компаниясымен ынтымақтастық орнатқан.Жақында Шығыс Қазақстан облысына барып инвестияциялау орнын анықтау жоспарланып отыр. Мемлекеттік жеке әріптестік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қазір жеке инвестицияның 5 пайызы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласына бағытталып отыр.