Жеке инвесторлар клубында «Қазақстанның 2011 жылдағы қор нарығының мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті
АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше «Алматы аймақтық қаржы орталығының» Жеке инвесторлар клубында «Resmi» Инвестициялық-қаржы үйі» АҚ өкілдері «Қазақстанның 2011 жылдағы қор нарығының мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда «Жарналық инвестициялық қорлар», «Жаңа тарифтер бойынша брокерлік қызмет көрсету» және «Қазақстанның макроэкономикасы және 2011 жылға болжамдар» тақырыптары бойынша түсініктемелер берілді. Семинарды Инвестициялық сараптама және мәмілелерді құрылымдандыру департаментінің директоры Арман Сейсебаев пен маңызды клиенттермен жұмыс маманы Андрей Мұхаметшиндер жүргізді.
Жеке инвесторлар клубы - бағалы қағаздар нарығы бойынша кәсіби білім алу, тиімді инвестиция жасау және осы бағытта тәжірибе мен ақпарат алмасу алаңы болып табылады.