«Жеке кәсіпкерлік туралы» заң жобасы атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатын көздейді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атом энергиясын пайдалану туралы заңда көзделген құқықтық нормаларды іске асыру мақсатында заң жобасында «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға түзетулер көзделген.
Заң жобасында «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның қосымшасын электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалану және атом энергиясы саласындағы қадағалаудың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруы бойынша толықтыру көзделген.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның қосымшасы атом энергиясын пайдалану жөніндегі қызметтің ерекше сипатта болатынымен және нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға тікелей нұқсан келтіруі мүмкін қызметке жататынымен түсіндіріледі. Осыған байланысты Қазақстанда атом энергиясын пайдалану мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жатады.
Сонымен қатар атом энергиясын пайдалану объектілеріне байланысты қызмет процесіне тікелей қатысу кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға, айталық, сәулелену аппараттарын пайдалануды қамтитын, көрсетілетін медициналық қызметтердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Атом станцияларын салу үшін қолайлы жағдайлар жасауды ескере отырып, атом энергиясын пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру осы салада тиісті мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруды талап етеді.