Жеке көлігі бар қазақстандықтардың саны 18,6 пайызға өсті
2023 жылғы қыркүйекте 169,4 мың автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көп.
Оның ішінде автобустар - 1,8 есе, жүк автомобильдері – 1,8 есе және жеңіл автомобильдер саны - 1,6 есе өсті.
Осылайша 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны - 5 161,8 мыңды құрады.
Оның ішінде:
88% – жеңіл автомобильдер
9,9% – жүк көліктері
2,1% – автобустар.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикада жеке меншікте 4 542,7 мың жеңіл автокөлік болған.
2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдер саны 18,6% артты.