Жеке компаниялардың Қор нарығына шығуын ынталандыруды жалғастырамыз - Смайылов
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл «ҚазМұнайГаздың» IPO-сын өткізуге қатысты тиісті шешім қабылданды. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қор нарығы KASE алаңында жарияланған компаниялар бойынша біртіндеп дамып келеді. Акцияларды капиталдандыру биыл 50 пайызға артып, 12 трлн теңгеге жетті. Қазіргі кезде онда 242 компания тіркелген», - деді Ә. Сайылов депутаттардың сұрағына жауап бере отырып.
Үкімет басшысының айтуынша, «ҚазМұнайГаз» IPO-ға шығарылатын болады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында қазірдің өзінде 88 эмитент құнды қағаздардың 130-ға жуық шығарылымын жасады. Осы орайда жеке компаниялардың бағалы қағаздарымен Қор нарығына шығуын ынталандыру шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Атап айтқанда, биыл «ҚазМұнайГаздың» IPO-сын өткіземіз, тиісті шешімдер қабылданды», - деді Премьер-Министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «ҚазМұнайгаз» компаниясы акцияларын халықтық ІРО-ға шығаруға жол ашатын Үкімет қаулысы жарияланды.