Жеке меншік институтын және келісімшарттық қатынастарды барынша нығайту үшін заңдарға түзетулер енгізіледі

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет Мәжіліске «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды,

Жеке меншік институтын және келісімшарттық қатынастарды барынша нығайту үшін заңдарға түзетулер енгізіледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың жалпыұлттық жоспарының 92-тармағын орындау үшін әзірленген. Қазақстан Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауының он бесінші бағытына сәйкес заң жобасында ұсынылған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жеке меншік институтын және келісімшарттық қатынастарды барынша нығайтуға бағытталған.Заң жобасының мақсаты Азаматтық кодекстің институттары мен нормаларын жетілдіру, сондай-ақ экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын сақтау болып табылады.Азаматтық кодексті қолданудың практикалық тәжірибесі оның нормаларының басым көпшілігі экономиканы және өзге де азаматтық қатынастарды құқықтық негізде қазіргі заманғы өркениетті қоғам жасау бағытында дамытуға ықпал ететіндігін айғақтайды. Сонымен бірге Үкіметтің берген түсіндірмесінде экономиканы дамытудың маңызды шарты ретінде азаматтық заңнаманың тұрақтылығын мейлінше сақтау қажеттігі туралы ұмытпастан, Азаматтық кодекс институттары мен нормаларын жетілдіруді жалғастыру керек екені жазылған.«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы сәуірдің 22-сіндегі Қазақстан заңының жекелеген баптарына да өзгерістер енгізу ұсынылған.«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тіркеуші органдар жұмысының он жылдан артық тәжірибесі ескеріле отырып, 2007 жылғы шілденің 26-сында қабылданды. Сонымен қатар осы Заңның бірқатар нормалары жекелеген тіркеу объектілері (мәмілелер, міндеттемелер, заңдық талаптар және т.б.) мен тіркеу рәсімдерінің ерекшеліктері ескерілетін өзгерістерді талап етеді.