Жеке нотариустардың ескі үлгідегі мөрлері биылғы 29 қыркүйектен жарамсыз деп танылады
АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Нотариаттық іс-жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 31.01.2012 жылғы №32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
№309 бұйрығымен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген жеке нотариустар мөрінің эскизі мен сипаттамасы бекітілді. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.
Аталған бұйрық ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде күшіне енеді.
Осыған орай, жеке нотариустардың ескі үлгідегі мөрлері биылғы 29 қыркүйектен жарамсыз деп есептеледі.