Жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы мен төралқа басшысы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жеке сот орындаушыларының құрылтай жиыны болып өтті. Мұнда жаңадан құрылған Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Жарғысы мақұлданып, сонымен қатар, құрылтайдың мүшелері Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төралқасының төрағасы лауазымына Амангелді Абдолловты, ал палата төрағасы лауазымына Сергей Лиді сайлады.

Жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы мен төралқа басшысы сайланды

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылтайдың жұмысына елдің барлық аймақтарынан жеке сот орындаушылары, сонымен қатар Әділет министрлігінің, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының ұйымдастырылуы және оның Жарғысы туралы өз пікірін білдіру үшін Мәжіліс және Сенат Парламентінің депутаттары қатысты.

Алдымен, Республикалық палата жеке сот орындаушылары қызметін ұйымдастырумен, өзінің және палата мүшелерінің құқықығы мен мүдделеріне өкілдік етуіне және жеке сот орындау институтын дамытуға өз бағытын айқындайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақтарда палатаның бөлімшелері ашылады. Аталмыш шаралар жылдың басында «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген түзетулерге сәйкес жасалды. Енді оған сәйкес аймақтардағы алқалардағы мүшелікте бар жеке сот орындаушылары біріктірілген Республикалық палатаға кіруі тиіс. Барлығы республикада 300-ге жуық лицензияланған жеке сот орындаушы бар.