Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырудың тәртібі қандай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көптеген салық төлеушілердің өтінішіне байланысты, жеке табыс салығы (240,00 форма) бойынша декларация беру ісіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, 31 наурызда қазақстандықтардың салық декларацияларын өткізуінің кезекті мерзімі басталады.
«Салық кодексінің» 363-бабына сәйкес, бұл декларацияны жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, мүліктік табысқа ие болған тұлғалар, Қазақстан Республикасынан тыс көздерден табыс түсірген азаматтар, мемлекеттік қызметшілер және басқалар өткізуі тиіс.
Салық кодексінің 217-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты болатын; Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік маңызды мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында болатын жеке тұлға бір мезгілде мынадай шарттарды орындаған кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып танылады:
1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтияр хаты) болса;
2) жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
3) Қазақстан Республикасында жеке тұлғаның кез-келген уақытта тұруы және (немесе) жұбайының (зайыбының) және (немесе) оның жақын туыстарының тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарына меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, жеке тұлғаның өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында деп танылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жеке тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтініш берген:
1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген жеке тұлға, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ аталған жеке тұлғаның отбасы мүшелері;
2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралы экипажының мүшесі;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге көшірілген Қазақстан Республикасы әскери бөлімдерінің немесе әскери құрамаларының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтін;
5) оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында, оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болатын жеке тұлға;
6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында аталған қызметтерді (жұмыстарды) көрсету (орындау) кезеңінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болатын оқытушы және (немесе) ғылыми қызметкер Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемшарттарға қарамастан, резидент-жеке тұлға деп танылады.
Осылайша, егер жеке тұлға Салық кодексінің мақсаттарында Қазақстан Республикасының резиденті болып танылса, онда салықтық есеп өткізу бойынша міндеттеме туындайды.
Сонымен бірге, жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер өткізеді:
- Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі көздерден табыс тапқан жеке тұлғалар;
- Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банк шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
Есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:
- шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;
- эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырады.
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Құқықтық актілер туралы заң) 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық акт қолданысқа енгiзілгенше ешқандай қатыстарта қолданылмайды.
Құқықтық актілер туралы заңның көрсетілген нормаларын ескере отырып 2017 жылғы жеке табыс салығы бойынша декларацияны Енгізу туралы заңның 33-бабында баяндалған редакциясында қолданылатын Салық кодексінің 363-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар табыс етеді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, егер Салық кодексінің мақсаттарында жеке тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып танылса, жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00 нысанын):
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 ЕТЖ (2017 жыл үшін - 293 508 теңге) асатын сомада ақшасы бар, немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлға тапсыруға міндетті.
2017 жыл үшін декларация 2018 жылдың 31 наурызына дейін тапсырылуы тиіс.