Жеке тұлғалар салықтық қарыздары туралы мәліметті енді банкомат арқылы біле алады - Салық комитетінің төрағасы

Оны комитет төрағасы Дәулет Ерғожин бүгін Алматыда «Сандж» зертеу орталығының салық төлеушілер арасында жүргізілген әлеуметтік зертеуінің қорытындысын жариялауға арналған дөңгелек үстел жиынында айтты.
«Салық қызметін одан ары реформалау мақсатында ағымдағы жылдың қаңтарында Дүниежүзілік банкпен салық төлеушелерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған келісім ратификацияланды. Жеке тұлғалардың салықтық қарыздары туралы ақпаратты банкомат арқылы білуі үшін жаңа қызмет енгізілмек. Банк өз клиенттерін салықтық қарыздары туралы хабардар ете алатын болады. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар өзге мүмкіндіктері болмаған жағдайда кәртішкесі не электрондық қолы болса салық органдарының қызметіне банкомат арқылы электрондық шағым жасай алатын болады», - дейді Дәулет Ерғожин.