Жеке тұлғалардың қарызы алаяқтықтан сақтандырыла ма– ҰБ жауабы

еаэо
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс депутаттарының жеке тұлғалардың қарыздарын алаяқтықтан міндетті сақтандыруды енгізуге қатысты сауалына жауап берді.

«Халықаралық тәжірибеде онлайн банктік қызметтері кезінде тұтынушыларды қорғау тетіктерінің бірі ретінде азаматтарды алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен сақтандыру кеңінен таралған. Мұндай сақтандыру негізінен ерікті сипатқа ие, ал сақтанушы ретінде жеке тұлғалар да, банктердің өздері де, төлем жүйелерінің операторлары да әрекет етеді», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның дерегінше, Қазақстанда сақтандыру ұйымдары АТ-инфрақұрылымындағы күтпеген өзгерістер нәтижесінде банк карталарының иелеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеуге байланысты сақтандыру өнімдерін ұсынады.

«Алаяқтықтан сақтандыруды міндетті немесе жүктелген сақтандыру түрі ретінде енгізу алаяқтық операциялар бойынша статистиканы талдауды, тұтынушыға зиян келтірместен сақтандырудың барабар құнын есептеу үшін ықтимал шығындар мөлшерін анықтауды ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың қарыздарын алаяқтықтан міндетті сақтандыруды енгізу кредитті ресімдеу кезінде қосымша шығыстарға әкеледі. Нәтижесінде оның қымбаттауына әкеп соғады»,- деді Ұлттық банк төрағасы.

Соңғы жаңалықтар
telegram