Жеке тұлғалардың көлік салығы төмендеуі мүмкін

Жеке тұлғалардың көлік салығы төмендейді
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM –  Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы жаңа Салық кодексін таныстыруға арналған іс-шарада көлік салығының мөлшерлемесі қалай өзгеретінін айтты.

«Бұл жаңа кодекс бәрімізге жеке тұлға ретінде қалай әсер етеді дегенге келсек, бәрімізде дерлік көлік бар. Жеке тұлғалардың бәріне көлік салығының мөлшерлемесі төмендетіледі. Егер көліктің қызмет мерзімі жылдан көп болса, мөлшерлеме 30 пайыз, қызмет мерзімі 20 жылдан артық болса, мөлшерлеме 50 пайыз төмендетіледі», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол зейнеткерлердің бір салықтан босатылғанын атап өтті.

«Бүкіл БАҚ-та айтылды, зейнеткерлер үшін жеке табыс салығын қысқартамыз. Яғни, зейнеткерлер табыс салығын төлемейді. Негізінен осындай ұсыныстар енді», - деді Азамат Әмрин.

Соңғы жаңалықтар