Жеке тұлғалардың мүлік пен табысқа қатысты жалпылама декларациясы 2015 жылы енгізіледі - Қаржы министрлігі

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат -Қазақстанда 2015 жылдан бастап жеке тұлғалардың табысына және мүлкіне қатысты декларация енгізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан дөңгелек үстел жиыны барысында ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Жеке тұлғалардың мүлік пен табысқа қатысты жалпылама декларациясы 2015 жылы енгізіледі - Қаржы министрлігі

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанда жалпылама декларациялауды сатылап енгізу көзделіп отыр. «Атап айтқанда, 2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар жұмысшылары, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлеріне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларын ұсыну енгізіледі», - деді Р. Дәленов.

Оның айтуынша, 2016 жылдан бастап декларацияны басқа да жеке тұлғаларға жалпылама енгізілу қарастырылса, 2017 жылы барлық жеке тұлғалардың декларация ұсынуға өту кезеңі толыққанды жүзеге асатын болады.