14:08, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдерінің біраз бөлігі қайта сатылу үшін сақталып отыр - С. Нокин
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жеке тұрғын үй құрылысы өте жоғары әлеуетке ие.

Бұл туралы бүгін Астанада Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.
«Тұрғын үй құрылысының 50 пайызын жеке тұрғын үй құрылысы алып жатыр және бұл өте жоғары әлеует. Бүгінде 132 мыңға жуық жер телімі ел азаматтарына таратылды»,- деді ол.
Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, жер телімдерінің үштен бір бөлігінде құрылыс жұмыстары жүрмей жатыр. Оларды жер учаскелерінің иелері қайта сату үшін сақтап отыр. «Еліміздің азаматына 10 сотық жер тегін түрде тиесілі. Осыған байланысты адамдар осы учаскелерді алып жатыр»,- деді С. Нокин.