Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға 1 миллионнан астам өтінім түсті

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға 1 миллионнан астам өтінім түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасы міндетін атқарушы Қаналбек Райымбеков мәлім етті. «2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға 1,2 миллион өтінім түсіп отыр. Осылардың ішінде өтінімдердің басым бөлігі, яғни 181 мыңы Оңтүстік Қазақстан облысына, 153,6 мыңы Маңғыстау облысына, 132,5 мыңы Алматы қаласына, 118,4 мыңы Алматы облысына, сондай-ақ 84 мыңы Астанаға тиесілі», деді төрағаның міндетін атқарушы. Оның сөзіне қарағанда, республика бойынша түскен өтінімдердің ішінде 308,8 мың жер телімдері бөлінді. Жеке тұрғын үй құрылысына өңірлер бойынша ең көп бөлінген жер учаскелері Оңтүстік Қазақстан облысының (70 мың жер телімі), Алматы облысының (46,4 мың жер телімі), Атырау облысының (34,2 мың жер телімі), Маңғыстау облысының (33,7 мың жер телімі) үлесінде.

Соңғы жаңалықтар