13:16, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында екі азаматтың денесі табылды
АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында екі азаматтың денесі табылды.

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға кеше түнде орын алып, 160 шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 6 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған.