Жеке тұтынуға арналған сәлем-сауқаттарды поштамен Кеден одағы мемлекеттерінің шекарасы арқылы жолдау баж салығынсыз және салықсыз жүзеге асырылады

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Жеке тұлғалардың өз жеке тұтынуына арналған сәлем-сауқаттарды поштамен Ресей Федерациясының Беларусь Республикасымен және Қазақстан Республикасымен мемлекеттерінің шекаралары арқылы жолдау бұдан былай баж салығынсыз және салықсыз жүзеге асырылатын болады.

Жеке тұтынуға арналған сәлем-сауқаттарды  поштамен Кеден   одағы мемлекеттерінің  шекарасы арқылы   жолдау   баж салығынсыз  және  салықсыз жүзеге асырылады

Ресейдің Федералдық кеден қызметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ресей, Беларусь және Қазақстанның аумағында бірыңғай кедендік кеңістік күшіне енгеннен бастап, Кеден одағына қатысушы барлық үш елдің аумағында «Жеке тұлғалардың жеке тұтынулары үшін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жолдаудың және оларды жолдаумен байланысты кедендік операциялардың реті туралы келісім» күшіне енді.

Бұл құжатқа сәйкес, Кеден аумағының кедендік аумағында тұратын жеке тұлғаның атына бір күнтізбелік айдың ішінде кедендік құны 1000 еуроға барабар сомадан және жалпы салмағы 31 келіден аспайтын тауарды жолдауға болады. Сәлем-сауқат аталған нормалар асатын болса, тауардың кедендік құнының 30 пайыз көлемінде, бірақ, 1 келі үшін 4 еуродан аспайтын сомада кедендік алымдар қарастырылған. Бөлінбейтін тауарлардың баж салықтары, кедендік құн мен салмаққа қарамастан, тұтас кедендік төлем түрінде алынады. Ал мәйіт салынған табыттар мен сүйек күлі салынған сауыттар кедендік төлемдерсіз жолданады.

Келісім сондай-ақ Кедендік одақтың аумағына әкелуге және сыртқа шығаруға тыйым салынған жеке тұтынуға арналған тауарлардың тізімін де нақтылап отыр.