Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңа тізілімі бекітілді

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі жасап шығарған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңа редакциядағы тізілімі бекітілді.

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жаңа тізілімі бекітілді

Осыған дейін бекітілген мемлекеттік қызметтер тізілімі тек 133 түрді ғана қамтып, арыздарды қабылдау мен рәсімделген құжаттарды беруге бағытталған қызметтер туралы ақпаратты ғана ұсына алды, деп хабарлады ЭДСМ баспасөз қызметінен.

Жаңа тізілім денсаулық сақтау, білім беру, ауыл және тұрғын үй шаруашылығы, электрондық ақпараттық ресурстар, жер қатынастары, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы салаларында, сонымен қатар, тіркеу жөнінде қызметтер, құжаттарды рәсімдеу, анықтамалар беру және басқа да салаларға қатысты 206 мемлекеттік қызмет түрін қамтиды.