Жекелеген басшылар өрт қауіпсіздігі талаптарын елегісі жоқ – Төтенше жағдайлар министрі

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылы елімізде орын алған өрт оқиғалары 2010 жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді.

Жекелеген басшылар өрт қауіпсіздігі талаптарын елегісі жоқ – Төтенше жағдайлар министрі

Дегенмен, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында жекелеген басшылардың өрт қауіпсіздігі мәселелеріне менсінбей қарайтындығын сынға алды.

Министрдің айтуынша, соңғы уақытта елімізде өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, есепті кезеңде 98 242 нысанның өртке қарсы жай-күйі тексерілген. Нәтижесінде ережені бұзғаны үшін 9589 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. 30 460 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 308 млн.-нан астам теңгеге айыппұл салынды.

«Жалпы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға өртке қауіпті жағдайлардағы нысандарды, агрегаттар мен ғимараттарды салуды тоқтату жөнінде 2506 талап-арыз берілді.  Жалпы сотқа шағымдану бұл - ең соңғы шара. Соған дейін біз тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға аламыз. Алайда, жекелеген басшылар бұған барынша мән бермейді, өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаса адам шығынын қоса алғанда қандай қасіреттер орын алатынын түсінгісі келмейтіндер баршылық», - дейді В. Божко.

Министрдің мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылы өндірістік және тұрмыстық өрттер 20 пайызға төмендеді. Соның арқасында өрттен болатын жарақаттанғандар саны - 17, қаза болғандар саны - 8, материалдық зала 6 пайызға төмендеді.