Жекелеген дауларды татуласы арқылы сотқа дейін шешудің пилоттық жобасы талқылануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық соты жекелеген санаттар бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді.
None
None

Талқылауға елордалық судьялар, «Нұр Отан» ХДП, Астана қаласы әкімі аппаратының, ҚР Судьялар Одағы филиалының, «Адам және тұтынушы құқықтарын халықаралық қорғау орталығы» ҚБ, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ, Астана қаласы нотариалдық палатасының, Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының, Астана қаласы энергетика басқармасының, адвокаттар алқасының  өкілдері және сақтандыру компанияларының басшылары қатысты.

Өз сөзінде қалалық сот судьясы Г.Рахметова  ҚР Жоғарғы Соты медиация институтын күшейту мақсатында әзірлеген жобаның артықшылығы мен ерекшелігін атап өтті. Судья медиацияны міндетті түрде өткізу қажет болатын даулар санаттарына баса назар аударды.

«Пилоттық жоба азаматтық істерге мамандандырылған, ауданаралық экономикалық, ювеналды, аудандық және оларға теңестірілген  соттарда балаларға қатысты алименттер туралы, неке бұзу, мүлікті және мұрагерлікті бөлу, еңбек және басқа да міндеттемелер туралы дауларды сотқа дейінгі реттеуді көздейді», - деп атап өтті қалалық соттың судьясы С.Әлімбаева.

Судьялар атап өткендей, бұл жоба медиация институтының одан әрі дамуына жаңа серпін береді, ол татуласу рәсімін қолдану саласын кеңейтуге, азаматтардың сот шығыстарын азайтуға, әрі халықтың дауды соттан тыс реттеуіне мүдделі болуына  алып келеді.

Іс-шара соңында судьялар қатысушылардан пилоттық жобаны жұмыла отырып іске асыруға шақырды.

 

Соңғы жаңалықтар