Жекелеген қазақстандық жауынгерлерді лаңкестік актілерді ұйымдастыру үшін дайындаған «Халифат солдаттары» ұйымының лидері өлтірілді

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Пәкістанның Солтүстік Вазиристан провинциясында «Халифат солдаттары» лаңкестік ұйымының көшбасшысы Моэзеддин Гарсалауи өлтірілді, деп хабарлады SITE Intelligence Group-ке сілтеме жасаған «Экспресс К» газеті («Солдат неудачи», № 195 (17553),  19.10.2012 жыл).
None
None

Оның өлімі туралы ақпарат ұшқышсыз басқарылатын американдық әуе құралдары Солтүстік Вазиристанды оқ астына алып, 23 адам қаза тапқаннан кейінгі екі күннен соң шықты.

Тунис тумасы Гарсалауи сондай-ақ «Аль-Кайрауани» ұйымының мүшесі болған. Ол ауған-пәкістан шекарасында жарылыстарды ұйымдастырып, содырларды үйретті. Бұдан басқа, Гарсалауи «тулузалық мерген» Мохаммед Мердің тәлімгері болды. Ол сондай-ақ кейбір қазақстандық жауынгерлерді кейін оларды лаңкестік актілерді ұйымдастыруға елдеріне жіберу үшін дайындады. «Халифат солдаттары» Қазақстандағы бірқатар лаңкестік актілер үшін жауапкершілікті өз мойындарына алды. Бұл ұйымды өткен жылы қазақстандық Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов пен Дамир Зіналиевтер Қазақстан аумағында жихад отын тұтату мақсатында құрды.

2007 жылдың маусымында Швейцария соты Гарсалауиді және оның зайыбы Малика эль Арудты лаңкестікті насихаттайтын интернет-сайтты құрғаны үшін соттады. Түрмеден шыққан соң олар Бельгияға көшіп, онда Ауғанстанға содырларды жинақтауды деген күдік тағылды. Кейінірек Гарсалауи Еуропадан кетіп, «Әл-Каида» мен 2008 жылы жойылған бельгиялық лаңкестік желісі арасында байланыс көпірі болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум