Жекелеген санаттарға жататын астаналық тұрғындар Тұңғыш Президент күні орай ақшалай көмек алады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының бюджетінен  ақша түріндегі әлеуметтік көмекке 125 млн. теңге қарастырылған.

Жекелеген санаттарға жататын астаналық тұрғындар Тұңғыш Президент күні орай ақшалай көмек алады

Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы бүгін  «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әлеуметтік акция өткізуге арналған баспасөз мәслихатында  қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова мәлім етті.

 «Ақша түрінде әлеуметтік көмек  тұрғындардың  келесі  санатына: 20 мың теңге - 322  Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне, 10 мың теңге - ҰОС, ауған, чернобыл мүгедектеріне  - 1906 адам,  Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен  мінсіз  әскери қызметі үшін КСРО-ның ордендерімен,  медальдарымен марапатталған 4629 адам,  тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қаза тапқан жауынгерлердің  жесірлері мен екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне - 399 адам, бейбіт күнде көз жұмған әскери қызметшілердің  отбасыларына  - 269 адам, екі бірдей немесе жалғыз ата-анасынан айырылған жетім балаларға -  645 бала, 18 жасқа дейінгі  екі және одан да көп баласы бар  көпбалалы 3527 отбасына берілді.  Осы мақсаттарға Астана қаласы бюджетінен 125 млн. теңге бөлінді», - деді ол.